4.11.2024, 11:30
Оқылды: 43

Ақша айырбастау: шетел валюталары неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 487 - 492 теңге аралығында саудаланып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_8755

 Сурет: freepik.com

Ұлттық банктің 4 қарашаға арналған ресми бағамы — 1 долларға 488,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,01 теңге. Еуро — 530,09.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490,3 теңге. Еуро 530 — 534 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 487 теңге, сатып алу құны — 492 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,97 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 1 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, 488,27 теңге болған.

Осыған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар курсына қатысты пікір білдірген еді.

Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале