4.11.2024, 17:06
Оқылды: 31

Ақпараттық хабарлама

«Жайық Пресс» ЖШС – облыстық «Орал өңірі», «Приуралье», аудандық «Ауыл айнасы», «Ауыл тынысы», «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести»,  «Екпін», «Жайық таңы», «Жаңарған өңір», «Қаратөбе өңірі»,  «Орда жұлдызы», «Серпін», «Сырым елі», «Теректі жаңалығы – Теректинская новь», «Шұғыла» газеттерінің (бұдан әрі – Газет) және «zhaikpress.kz» ақпараттық сайтының (бұдан әрі – ақпараттық сайт)  меншік иесі 2024 жылдың 8 желтоқсанда өтетін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған үміткерлерге сайлауалды үгіт-насихат материалдарын баспасөз бетінде орналастыру шарттарын ұсынады.

Газетке, ақпараттық сайтқа жарияланым  орнын  ұсынудың  жалпы тәртібі  мен ережесі

Газетке, ақпараттық сайтқа жарияланым орнын ұсыну жазбаша өтініш берілген сәттегі газеттің бекітілген прайс-парақшасы негізінде жүзеге асырылады.

Газетке, ақпараттық сайтқа жарияланым орнын ұсыну Қазақстан Республикасы мәслихатының депутаттығына үміткерге баспалық үгіт-насихат материалдарын орналастыру жөнінде газеттің  меншік иесімен арада жасалған жазбаша келісімшарт негізінде жүзеге асырылады.

Келісімшарт нұсқасы мен оған қосымша құжаттар, төменде көрсетілгеніндей, жазбаша өтініш жазылған жағдайда ұсынылады. Үміткердің/сенімді өкілдің газетке, ақпараттық сайтқа жарияланым орнын ұсыну жөніндегі келісімшартқа қол қоюы үміткердің/сенімді өкілдің сайлауалды үгіт-насихат жүргізумен байланысты газет, ақпараттық сайт қызметін қабылдауға келіскені болып табылады. Мұндай келісімшартты жасау үшін үміткер/сенімді өкіл газеттің, ақапараттық сайттың меншік иесіне төмендегі ақпараттары бар жазбаша өтініш жасауы керек:

– жазбаша өтініштің тіркеу нөмірі, мерзімі және уақыты;

– жазбаша өтініш беруші үміткердің/сенімді өкілдің аты-жөні, тегі;

– жазбаша өтініш беруге құзыреттілігін  дәлелдейтін  құжат;

– үміткердің/сенімді өкілдің құзыретті мемлекеттік органдар тарапынан берілген жеке куәлігі,  ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да құжаттар;

– жарияланым орнының көлемі және ұсыну уақыты көрсетілген жазбаша өтініштің, үгіт-насихаттық баспа материалының мәтіні;

– үміткердің немесе сенімді өкілдің қолы.

Жазбаша өтінішке онда сілтеме жасалған құжаттардың көшірмесі қоса беріледі.

Жарияланымда оның ақысы төленгендігі, материалдың шығуына жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері туралы мәліметтер және ақпаратты ұсынушы тұлғаның тегі болуы тиіс.

Баспа материалдарының орналасу кезегін газет, ақпараттық сайт жазбаша өтініштердің түсу ретіне орай бекітеді. Бірнеше үміткерден/сенімді өкілден жазбаша өтініш бір мезгілде түскен жағдайда газет, ақпараттық сайт сол күні жеребе өткізеді. Жеребеге баспа материалдарын орналастыру кезегін талап етуші үміткерлер немесе үміткерлердің мүддесін қорғайтын сенімді өкілдер және жеребенің тәуелсіз сарапшысы ретінде БАҚ өкілі қатысады. Әрбір үміткерге/сенімді өкілге баспа материалын орналастырудың мерзімі салынған жабық конверттің біреуін таңдау ұсынылады. Конверт саны жеребеге түсуші жақтардың санымен тең болады. Жеребе аяқталған соң, жеребеге қатысушы жақтардың өкілдері мен БАҚ өкілі жеребенің хаттамасына қол қояды. Жеребе нәтижесі (хаттама көшірмесі) тиісті сайлау комиссиясына жіберіледі.

Үгіт-насихаттық  баспа материалдарының берілу тәртібі

Үгіт-насихаттық баспа материалдары газетке, ақпараттық сайтқа ҚР «Сайлау туралы» заңының 28-бабы, 3-тармағында қарастырылғандай көлемде дайын күйінде жарияланым орнын ұсыну жөнінде газеттің, ақпараттық сайттың меншік иесімен келісімшартқа қол қоятындай құзыреті бар тұлғаның қолы қойылған күйінде ұсынылады.

Үгіт-насихаттық баспа материалдары газетке, ақпараттық сайтқа оның жарияланатын уақытынан 7 (жеті)  жұмыс күні бұрын  ұсынылады.

Егер мәтінінде конституциялық құрылымды күшпен өзгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекеттік қауіпсіздікті шайқалтуға, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, рулық және тайпалық алауыздыққа, қатыгездік пен күш қолдануға, сондай-ақ заңда қарастырылмаған әскерилендірілген құрылымдар құруға шақырған идеялар көрініс тапса және заңда көзделген басқа да негіздерге орай газет, ақпараттық сайт үгіт-насихаттық баспа материалдарын қабылдаудан  бас  тартуға  құқылы.

Газеттің, ақпараттық сайттың баспа алаңдарын төлеу мөлшері мен тәртібі

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына үміткерлерге жарияланым орнын ұсынғаны үшін төленетін ақы мөлшері газет, ақпараттық сайт бекіткен прайс-парақша негізінде:

  • «Орал өңірі», «Приуралье» облыстық газеттерде –  1 шаршы см – 350 теңге;
  • «Ауыл айнасы», «Ауыл тынысы», «Бөрлі жаршысы - Бурлинские вести»,  «Екпін», «Жайық таңы», «Жаңарған өңір», «Қаратөбе өңірі»,  «Орда жұлдызы», «Серпін», «Сырым елі», «Теректі жаңалығы – Теректинский новь», «Шұғыла» аудандық газеттеріне –  1 шаршы см – 220 теңге;
  • «kz»ақпараттық сайтқа:
  • көлемі А4 форматты бір бет (14 шрифт) – 35000 теңге;
  • Баннер 855px *150px – 17 000 теңге,
  • Баннер 560px *300px – 14 000 теңге,
  • Баннер 260px *300px – 8000 теңге,
  • Баннер 250px *200px – 6000 теңге,
  • Баннер 250px *400px – 7000 теңге

Жарияланым орнын ұсынғаны үшін төлемақы тиісті сайлау қорының есебінен толық көлемде алдын ала аударылуы тиіс.

Алдын ала төлем газет, ақпараттық сайт ұсынған есепшот негізінде осы есепшот берілгеннен кейінгі 3 (үш) операциялық күн ішінде жүргізілуі тиіс.

Төлем газеттің баспа алаңдарын беру туралы тиісті шартта не шотта көрсетілген меншік иесінің банктік деректемелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале