4.11.2024, 19:00
Оқылды: 133

Теректіліктер халықаралық турнирден олжалы оралды

Теректі аудандық балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірттері жеңіс тұғырына шықты.

FB_IMG_1730716666855

Нақтырақ айтсақ, таяуда Ресей Федерациясы Орынбор қаласында грек-рим күресінен 2010-2017 жылдары аралығында өмірге келген кіші жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі додаға Орынбор, Самара, Тольятти, Томск, Стерлитамак, Саракташ, Қостанай, Ақтөбе, Орал қалалары, Шыңғырлау, Теректі аудандары қатысқан екен.

FB_IMG_1730716630772

Үш жүзге жуық спортшы белдескен турнирдің қортындысына қарасақ бөрікті аспанға атуға әбден болады. Сайып келгенде, 32 келіде Ерхан Төлеген, 41 келіде Нұрхан Бауыржан қола жүлдені місе тұтса, 23 келі салмақта Алан Құдайберген, 30 келі салмақта Арлан Аманқұл, 32 келіде Мұхаммед Көшімов, 35 келіде Арсен Есет күміс жүлдені еншілеп, 28 келіде Айбар Әбуғалиев, 32 келіде Арнұр Ұзақбаев, 52 келіде Нұркен Ерғалиев алтын жүлдені жеңіп алды.

Қанжығамыз майланып, көңіліміз жайланып қалған бұл жаңалыққа тікелей қатысты палуандардың жаттықтырушысы Айдын Сүлейменов екені сөзсіз.

Ақтілек Әлібекұлы

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале