5.11.2024, 10:30
Оқылды: 104

Сырымдық Ләззат Тапаева облыстық «Үздік әдіскер» байқауында I орын иеленді

Орал қаласында өткен облыстық «Үздік әдіскер» байқауында Сырым ауданының білім беру бөлімінің аудандық әдістемелік кабинетінің бастауыш сынып бойынша әдіскері Ләззат Тапаева жүлделі I орынды жеңіп алды, деп хабарлайды Сырым аудандық білім беру бөлімі.

IMG_5911

Ләззат Тапаева әдіскер болғанға дейін, білім беру ұйымдарында табысты еңбек етті. 

Өзі оқыған Бұлдырты орта мектебіне мұғалім болып оралған ол кейін Жаңаөңірде, Қарағандыда, Алғабастағы М.Каналиев атындағы орта мектепте қызмет жасады. 2003 жылдан бастап аудандық білім бөлімінде бастауыш сынып бойынша әдіскер болып еңбек етіп келеді. 

Адамның адам болып қалыптасуы жолында – бастауыш кезеңдегі білім беру маңызды екені рас. Оған Ләззат Сәкенқызы да қосылады:

– Мен Ағиба Семғалиқызы, Ақкенже Ақанғожақыщы, Гүлнар Құсайынқызы, Светлана Олеговна, Рақымжан Орынбайұлы, Жаңыл Тұрғалиқызы сияқты білікті басшылармен жұмыс жасадым. Әлі күнге дейін Гүлбақша Калиахметқызы, Гүлзия Досқалиқызы сынды ұстаздарыммен кеңесіп отырамын. Мектепте мұғалім оқушыны дамытса, педагогтердің жұмыс барысында өзін-өзі дамытуы жүзеге асуы керек. Біз әріптестеріміздің кәсіби дамуына көмектесеміз, - дейді үздік әдіскер. 

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале