5.11.2024, 12:15
Оқылды: 160

Қаратөбеліктер республикалық турнирде жүлдегер атанды

1-3 қараша күндері Атырау қаласындағы «Жайық» спорт кешенінде дзюдодан «MAGAUIYA Open Cup-III» жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ашық республикалық турнир өткен болатын.

Саралжын күрес мектебі

Жарысқа Қырғызстан, Ресей және еліміздің облыстары мен үш қаласынан 1 500-ге тарта жас палуан қатысып, бақ сынады.           

Атаулы республикалық турнирге Батыс Қазақстан облысы атынан күрескен Қаратөбе ауданы Саралжын ауылының жас өрендері де өз деңгейлерінде күресті.

Саралжын күрес мектебі 1

Аталмыш турнирдің қорытындысында 2014-2015 жылы туған ұлдар арасында 21 келі салмақ дәрежесінде Еленбай Ерназар ІІІ орынды, 38 келі салмақта белдескен Нәсіпқали Мереке жүлделі ІІ орынды иеленіп, Мұхит елінің мерейін үстем етті.

– Барша шәкірттерімнің ата-аналарына және осы жарысқа қатысуға қолдау көрсеткен Артур Қойшығұлұлына, Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлына, Саралжын ауылдық округі әкімі Самғат Серікұлына алғысымыз шексіз, – дейді «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері, Саралжын күрес мектебінің бапкері Ертілеу Ерғожин.

Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале