5.11.2024, 21:00
Оқылды: 7

Жаңақалада қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмардың қатысуымен кезекті қоғамдық кеңес отырысы өтті.

image-05-11-24-08-20

Жиынды кеңес төрағасы Қуат Имашев жүргізіп, күн тәртібіндегі 6 мәселені хабарлады. Алғашқы мәселе аудандық мәслихатының 2023 жылғы 21 желтоқсандағы №13-3 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жайында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ақылбек Семенов баяндама жасады. Одан кейін Жаңақала ауылдық округі әкімінің орынбасары Ербол Ғалиұлы ауыл әкімінің 9 ай ішінде атқарған жұмыстарының және әкім аппараты бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы есеп берді. Баяндамада ауылдың табыс көзінің негізгі бағыты - мал шаруашылығы болғандықтан, халықтың табыс көзін арттыру мақсатында мемлекет 2,5 пайызбен «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылғандығы, округ бойынша жобаға 19 тұрғын өтінім берсе, 11-і мақұлданып, 3 азамат 43 млн теңге қаржыларын алғандығы айтылды. Сондай-ақ «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша 1 адам жолданғаны және жастар тәжірибесі бойынша 40 маман жұмысқа орналасқаны жөнінде де мәлімет берілді. Ол сонымен қатар, елді мекендері абаттандыруға байланысты жұмыстарды айтып, ауыл ішіне балалар ойын алаңын салу, С.Сапаров саябағын абаттандыру, Соркөл көлінің сенімгерлік басқаруға беру басты назардағы мәселелер екенін атап өтті. Әрі қарай, аудандық спорт мектебінің атқарылған жұмыстарының есебі туралы аталмыш мекеме басшысының орынбасары Дәурен Жағыпаров баяндады. Ортада алдағы уақытта шахмат үйірмесін ашу бойынша сөз қозғалды. Келесі кезекте аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың есебін берді.

image-05-11-24-08-20-3

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Светлана Бекқалиева аудан бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан нөл пайыз мөлшерінде бекіту туралы айтты. Ал, соңғы мәселе С.Меңдешев, Қызылоба ауылдық округтері аумағынан шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін бекітуге келісім беру туралы жер қатынастары бөлімінің орынбасары Мейрамбек Ибрагимов хабарлады. Бұл мәселе келесі отырыста қайтадан қаралатын болып келісілді.

Фариза Махамбетова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале