ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығына сәйкес, өткен аптада Ақжайық ауданы әкімі Мұрат Сердалин жұртшылықпен жүздесуді бастады.
Ауылдық округ орталықтарында болған сапарында ол тұрғындарды жеке қабылдап, әрқайсысының мәселелеріне құлақ түрді. Осы қоғамдық қабылдауларда онымен бірге жер қатынастары, ветеринария, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, құқық қорғау, денсаулық, әлеуметтік және өзге де салаларға жауапты мекеме бөлім-басшылары болды.
Күні бүгінге дейін аудан басшысы М.А.Сердалин Бударин, Жаңабұлақ, Жамбыл, Қабыршақты, Алмалы, Ақсуат, Мерген, Ақжол, Қурайлысай ауылдық округтері орталықтарының тұрғындарын қабылдады.
Қоғамдық қабылдауға келгендер жеке мәселелері, яғни тұрғын үй, жұмысқа тұру, медициналық көмек, жер телімін алу, мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсібін бастау сынды шаруаларымен жүгінді.
Әсия Шырай
Ақжайық ауданы