Ресейдің Самара қаласында «Самара жартылай марафоны» атты желаяқтар жарысы өтті.
Қазақстан мен Ресейден келген 2 000-нан астам желаяқ бірнеше қашықтықта бақ сынасты.
Аталмыш жарыста оралдық жеңіл атлеттер де өз өнерін көрсетті.
Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін желаяқтар сайысының ең басты додасы – «Самарская миля» деп аталатын ұшқырлар бәсекесі.
Ұйымдастырушылар осы жарысқа үлкен мән береді және қалай да жеңіске жеткісі келеді. Бірақ биыл «Самарская миля» додасын оралдық желаяқ Руслан Әбішев жеңіп алды.
Одан бөлек 10 шақырымдық жартылай марафонда жарыс жолына шыққан Руслан күміс медаль еншіледі.
Сондай-ақ Руслан Әбішев 10 шақырымдық жартылай марафонда да бақ сынап, күміс медаль иегері атанды. Енді жолтоқсан айында Абу-Даби қаласына баратын желаяқ ол жақта да намысты бермейді деген ойдамыз.
Түгелбай Бисен
zhaikpress.kz