7.11.2024, 11:46
Оқылды: 83

Қоршаған ортаның таза болуы – денсаулық кепілі – БҚО-да тоғыз айдағы мониторинг қорытындысы айтылды

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Гүлдана Кереева қоршаған ортаға жүргізілген мониторинг турасында баяндама жасады.

fcae9d86-1d5e-4067-8bef-f4e982f0f1b0

Мұндай мониторинг санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауға жататын нысандар мен өнімдерге, қоршаған ортаға, яғни топырақ, су, ауаға қатысты зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері, инфекциялық, паразиттік, инфекциялық емес және кәсіптік аурушаңдық көрсеткіштеріне сәйкес жүргізіледі. Негізгі мақсат – қоршаған ортаның химиялық, физикалық, биологиялық факторларының адам денсаулығына әсерін анықтау, уланулардың, жұқпалы, паразиттік және кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін бағалау және олардың пайда болуын болжау.

– Санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде әр тоқсан сайын кемінде бір рет сыртқы қоршаған ортадан сынамалар іріктеліп тексеріледі. Биылғы жылдың алғашқы 9 айында департаменттің аумақтық басқармалары бірқатар зерттеу жүргізді. Мәселен, орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша барлығы 3210 сынама санитарлықхимиялық көрсеткіштерге зерттелді. Оның 215сі, яғни 6,7%ы нормаға сәйкес келмеді.  Сәйкес сіздіктер облыстың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында анықталды. Ал микробиологиялық көрсеткіштерге 3360 сынама алынса, оның 104-інен (3,1%), нақтыласақ, Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында сәйкессіздік анықталды. Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша 296 сынаманың 36сы сәйкес келмеді. Олар Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарында анықталды. Санитарлық-микробиологиялық көрсеткіштерге барлығы 378 сынама зерттелді. Жаңақала, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі аудандарынан алынған 35 сынамада сәйкессіздік бар. Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша сумен жабдықтау нысандарын тазалау, жуу және дезинфекциялау қажеттігі туралы арнайы хаттар жолданды, – деді Гүлдана Қайыржанқызы.

Спикердің сөзінше, бұдан бөлек атмосфералық ауаның да жайкүйіне мониторинг жүргізу үшін 31482 сынама алынып, санитариялықхимиялық көрсеткіштерге зерттелген. Оның ішінде 60 сынамадан шекті рұқсат етілген концентрациядан ауытқу анықталған (шаң – 18, күкіртті сутек – 6, көміртегі оксиді – 15, күйе – 21 сынама).

Аружан Аманжол

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале