7.11.2024, 15:46
Оқылды: 41

Хоккейден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы алғашқы ойынында жеңіліп қалды

Алматы қаласында хоккейден ерлер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

IMG_1041

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы

Сары құрлық чемпионатындағы алғашқы матч Ұлттық құрамамыз үшін сәтсіз болды. Оңтүстік Корея командасымен кездесу 1-4 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Жалғыз шайбаны шабуылшы Александр Борисевич салды.

Енді Олег Бояркин баптайтын Қазақстан құрамасы 8 қарашада Қытаймен, ал 9 қарашада Жапония хоккейшілерімен кім мықтыны анықтайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале