8.11.2024, 10:45
Оқылды: 57

2028 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу үлесін 70%-ға жеткізу жоспарланып отыр

Биыл Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді. Бұл жоспарда қайта өңдеу кәсіпорындарын арзан шикізатпен қамтамасыз ету, негізгі және айналым қаражаттармен толықтыру, сондай-ақ жаңа нарықтарды ашу үшін қайта өңделген өнімдердің экспорттық әлеуетін арттыру қарастырылған.

IMG_1122

Сурет: ОКҚ

«Жалпы кешенді жоспар шеңберінде 58 инвестициялық жоба қарастырылған. Оның ішінде 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді 70% жеткізу,  азық-түлік өнімдерін өндіру көлемін 1,4 есеге арттыру және осы салаға тартылатын инвестиция көлемін 2028 жылы 1 трлн жеткізу бойынша индикаторлар көрсетілген», - деді ҚР АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Назгүл Хатепова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале