8.11.2024, 15:00
Оқылды: 111

Жаңақалада батыр есімі ұлықталды

Бүгін Жаңақаладағы рухани орталық ғимаратының акт залында аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, жерлесіміз, Кеңес Одағының батыры Садық Шәкеұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Отан үшін от кешкен ер» атты еске алу кеші өтті.

1245becc-0ada-4040-8e50-53763fbfdef0

1942 жылы 18 жасқа толмастан өз еркімен майданға аттанған ардагер 2009 жылы 85 жасқа аяқ басқан шағында дүниеден озған.

Жиын барысында алғашқы сөз зейнеткер Фазылғали Сатқалиұлына ұсынылып, еңбек ардагері жөнінде сыр шертті. Талғат Қайырғалиұлы «Мәңгілік ел» әнін шарықтата шырқап, көрермен жүрегіне жеткізді.

Әрі қарай ардагер атамызға арналған бейнежазба көрсетіліп, майдан тарихынан үзінділер бейнеленді. Содан кейін кітапханашы Саят Ермекқызы Садық Жақсығұловқа арналған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, аудандық «Жаңарған өңір» газетінің №45 санында жарияланған еңбек ардагері Закария Сисенғалидің «Ерлік ешқашан ескрмейді» атты мақаласын оқыды.

499973b1-edad-4c31-af95-66c6972c0558

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қайырғали Үмбетқалиұлына сөз берілді. Шара соңында барша жиналғандар естелік суреттерге түсті.

Ақерке Ғилымхан

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале