8.11.2024, 16:15
Оқылды: 43

Қазақстанда 68 млн астам дәрілік зат таңбаланды

Биыл 1 шілдеден бастап дәрі-дәрмектерді таңбалау процесі іске қосылды. Оның аясында денсаулық сақтау саласында 68 млн астам дәрі-дәрмек таңбаланды, оның 39 млн астамы импорттық, 29 млн астамы отандық өнім саналады.

IMG_1228

«Таңбаланған дәрі-дәрмектің 28 млн-ы нарыққа кіріп, дәріханаларда, медициналық ұйымдарда беріліп жатыр. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады. Бүгінгі таңда 3100 астам дәріхана және 1800 жуық медициналық ұйым цифрлық интеграциядан өтіп, таңбалау арқылы қызмет көрсетуде», - деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов ОКҚ алаңында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале