8.11.2024, 16:45
Оқылды: 84

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ЖП куз Орал (3)

Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады:

  • қар жауады;
  • батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын – жаңбыр, боранмен және көктайғақ құбылыстарымен қар жауады;
  • елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші секундына 15-29 метр.

9 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 жылуға дейін, таулы аудандарда + 5 градусқа дейін көтеріледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале