8.11.2024, 17:45
Оқылды: 33

Қор нарығында доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

IMG_9382

 Сурет: pixabay.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,39 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 491,71 теңге.

Ұлттық банктің 8 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 492,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге. Еуро – 529,38.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 493,9 теңге. Еуро 529,5 – 533,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 490 теңге, сатып алу құны – 495 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,99 - 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале