8.11.2024, 21:00
Оқылды: 36

Қазақстанда қос азаматтығы бар 375 адам анықталды

Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3 022 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 977 шетелдік азамат елден шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Полицияның мәліметінше, қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталып, олар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Мысалы, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, әуежайды пысықтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматын анықтады.

Құқық бұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әйел ҚР аумағына алдағы 5 жылда кіре алмайды. Ол Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Алматы әуежайында да дәл осындай қос азаматтық бойынша құқық бұзушылық Ресей Федерациясының үш азаматынан анықталды. Сот қаулысымен олардың екеуі ҚР аумағынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылса, ал соңғысы 200 АЕК айыппұл арқалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале