9.11.2024, 16:30
Оқылды: 149

Жәнібек ауданындағы ауыл мектептерінің жағдайы мәз емес

Кеше Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрболат Әбдірешевтің халықпен кездесуі Қамысты, Борсы ауылдық округтер мен Тегісшіл елді мекенінде жалғасты.

image-09-11-24-03-12-2

Алдымен Қамысты ауылының әкімі Нұрлан Аюпов жыл басынан атқарылған жұмыстарды баян етті.

- Қыркүйек айынан бастап төтенше жағдайға байланысты ауылға жем-шөпті тасымалдау жұмыстары басталып, оған 11 млн 74 мың теңге қаражат бөлінген болатын. 1384 орамашөп әкелініп, халыққа түгелдей таратылып жатыр. Жол қиындығына байланысты келу керек рейс кешігіп жатыр, бірақ жыл сонына дейін тұрғындарға беріледі. Бөлінген қаражатты толықтай игеріп жатырмыз. Жалпы жыл басынан жоспарланған жұмыстар толығымен атқарылуда,- деді ауыл әкімі.

image-09-11-24-03-12

Содан соң аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Каримоллаұлы атқарылған жұмыстарды атап өтіп, іске асатын жобаларды айтты.

Ж.Абдоловтың баяндамасынан кейін тұрғындар сұрақтарын қойды. Қамыстының «Шанхай» деп аталатын шағын ауданының тұрғындары сөз сөйлеп, тротуар керектігі, жаңбыр уақытында балалардың мектепке баруы қиынға соғатынын жеткізді. Және де аурухана тұсында қоқыс қалдықтарының көптігі, тиісті шара қолдануын сұрады.

Қойылған сұрақтар мен білдірілген наразылықтарға аудан әкімінің орынбасары жауап берді.

Борсы ауылында өткен кездесуде ауыл әкімі Зинхар Бақтығалиев те атқарылған жұмыстарды баяндады. Тұрғындар да өздерінің уәждерін жеткізген болатын. Ауылда интернеттің баяулығы, ауыз су, жаңа мектептің керектігін айтып, қазіргі таңда мектеп апатты жағдайда, жылыту пешінің істен шығып тұрғанын, ата-аналар балаларын мектепке жібергісі келмейтінін алға тартып, сұрақтарын қойды.

image-09-11-24-03-12-1

Тегісшіл елді мекенінде де жағдай мәз емес. 1987 жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп, мәдениет үйі опырылудың шақ алдында тұр. Ауыл тұрғындарының да мұң - мұқтажы орынды-ау. Халық құр сөзден гөрі осы жұмыстың тез қолға алуын сұрады.

Аудан басшысының орынбасары көтерілген мәселелер бойынша жауап беріп, басқа да ұсыныстарды жазып алды.

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале