10.11.2024, 12:00
Оқылды: 121

BMW табысының 86 пайызға құлдырағанын мәлімдеді

Концерн 2024 жылдың ІІІ-тоқсанында салық салымын есептемегенде табысының 85,8%-ға төмендеп кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

0Сурет: pixabay 

Автомобиль концернінің қаржылық проблемалары жайлы өз қызметінің үшінші тоқсандағы есебінен белгілі болды. Ол BMW-ның ресми сайтында жарияланды.

Оған сәйкес, автомобиль жеткізілімдері жылдан жылға 13%-ға қысқарып, автомобиль бөлімшесінің тоқсандық табысы салық салымдарын есептемегенде бірден 85,8%-ға төмендеген.

Концерн басшылығы бұл проблемалардың туындау себебін былайша түсіндіреді:

  • Қытайдағы сұраныстың төмендеуі;
  • көлікті жаппай қайтару науқанына байланысты шығындар.

Осыған ұқсас мәселелерге байланысты Nissan-да жұмысшылар жаппай жұмыстан шығарылып, басшылық қызметтегілердің жалақысы қысқартылған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале