11.11.2024, 14:30
Оқылды: 43

Ертең Үкіметте қандай мәселе қаралады?

Ертең сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

жп астана (5)

Күн тәртібінде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі шаралары, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев, «СК-Фармация» ЖШС басқарушы директоры Гүлнар Омарованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Отырыстың тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтында, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале