Таяуда Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Асылбекұлының ұйымдастыруымен, хирург Азамат Дияровтың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға МӘМС арқылы жоспарлы ота жасалды, деп хабарлайды Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі.
Науқасқа шағымдар мен аурудың тарихын, объективті, УЗИ тексерулердің және зертхананың мәліметтері бойынша «лапаротомия, холецистэктомия» диагнозы қойылды.
Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті. Қазіргі уақытта сәтті жасалған ота нәтижесінде палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр. Науқастың қазіргі жағдайы қалыпты әрі тұрақты.
Ота жасағандар құрамында хирург Оркен Адиетов, ассистент-хирург Азамат Дияров, анестезиолог-реаниматолог Ахатжан Асанханов, анестезист Қожамберді Жумагелдин, операциялық мейірбике Гулбану Ерланова және санитарлық тазалықшы Күнсұлу Махметова бар.