12.11.2024, 9:34
Оқылды: 87

Армия спортшысы самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

"Астанада жауынгерлік, спорттық самбодан, оның ішінде зағиптар арасында әлем біріншілігі өтті", - деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігі.

d7fb5537cca9737ade00ced415eaa840_1280x720

Фото: ҚР қорғаныс министрлігі

Әлемнің 80 елінен 470 спортшы қатысқан жарысқа Армия орталық спорт клубының әскери қызметшісі ефрейтор Арнұр Қуатай 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Бірінші раундта ол хорват Патрик Сумпораны жеңді (9:4), екінші раундта беларусь спортшысы Денис Барковецтен басым түсті. (8:0). Ширек финалда мысырлық Сайфельдин Эльгарвты 2:1 есебімен жеңді. Бірақ жартылай финалда Арнур Қуатай ресейлік Ролан Зиннатовқа жол берді. Нәтижесінде армия спортшысы әлем чемпионатының қола жүлдесін місе тұтты.

Арнур Қуат былтырғы Ереванда өткен самбодан әлем біріншілігінде де осындай нәтижеге қол жеткізген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале