12.11.2024, 11:52
Оқылды: 103

Биыл 642 шақырым жол жөнделіп жатыр

Президент көлік-логистика саласын жаңғырту бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Экономиканың күре тамыры – жол. Кез келген өңірдің дамуына сапалы жолдардың болуы үлкен әсерін тигізеді.

жол дорога ЖП 2024

Фото сайт архивінен

- Өңір бойынша бірқатар ірі жол құрылысы жүзеге асуда. Облыстың шалғай орналасқан Казталов, Бөкейордасы және Жәнібек аудандарында өткен жылдардан келе жатқан республикалық маңызы бар 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, нәтижесінде шалғай аудандардың облыс орталығымен байланысы оң шешім тапты.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар 144 шақырым Подстепное - Федоровка - Ресей Федерациясы шекарасына дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда 60 шақырымға жуық жол жөнделді.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу бойынша Барбастау – Ақжайық - Индер (308 км, аяқталғаны 50 км) және Жаңақала – Бисен (210 км, аяқталғаны 23 км) бағытындағы жолдардың құрылысы жүріп жатыр.

Үкіметтің қолдауымен жыл сайын жол құрылысын жүргізу үшін қаражат уақтылы бөлінуде. Былтыр 82 млрд. теңгеге 562 шақырым жол жөнделсе, биыл 92 млрд.теңгеден астам қаржыға 642 шақырым жол жөнделуде.

Ал келер 2025 жылы осындай көлемдегі жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ облыс орталығы Орал қаласындағы көше жолдарын жөндеу бойынша да жұмыс жүргізіліп жатыр. Өткен жылы 3,6 млрд.теңгеге Орал қаласында 58 шақырым жол жөнделсе, биыл 4,3 млрд теңгеге 50 шақырымнан астам жол жөнделді, - деді БҚО әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар алаңында.

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале