12.11.2024, 16:11
Оқылды: 32

«Тәртіпке бағынған құл болмайды»

 Бөрлі колледжінде ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Аталған жиын кәмелет жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау, жасөспірімдерге қатысты жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу тақырыбын қамтыды.

ммммммммммммм

Ақпараттық сағатты Бөрлі колледжінің директоры Мұрат Өтемұратов ашып беріп, шара қонақтарымен таныстырды. Колледж директоры жасөспірімдердің қауіпсіздігі, Құқықбұзушылықтың алдын алу  күн тәртібіндегі басты мәселе екенін атап өтті. Шараға аудандық прокурордың міндетін атқарушы Айбар Изекенов, аудандық прокуратураның прокуроры Нұрмұхамет Жаңбырбаев, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Есдаулетов, АПБ инспекторы Айгүл Наурзимбетова, «Парасат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, теолог Қанат Жәкенов, қол күресінен спорт шебері, Азия чемпионатының және Азия кубогінің жеңімпазы Көркем Едігеевалар қатысты.

Жиын барысында аудандық прокурордың міндетін атқарушы Айбар Изекенов ағымдағы жылдың 8 айында кәмелетке толмағандарға қатысты 11 құқық бұзушылық жасалғанын айтып өтті. Олардың екеуі теріс қылық және тоғызы қылмыс. 10 қылмыстың екеуі жеңіл, төртеуі орташа және біреуі ауыр қылмыстар. Өкінішке орай статистикалық мәліметтер кәмелетке толмағандарға қатысты да, кәмелетке толмағандардың қатысуымен де орын алатын қылмыстардың көбейгенін көрсетеді. Қылмыстың басым бөлігін ұрлық, тонау, бопсалау, есірткі және психотроптық заттармен байланысты қылмыстар құрайды екен.

-Бас прокуратура тапсырмасы негізінде Бөрлі аудандық прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы орган, оның ішінде білім беру бөлімі, спорт және аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, өңіріміздегі кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Шараның мақсаты білім алушыларға, оның ішінде кәмелет жасқа толмағандарға есірткі қылмыстары, ұрлық, жол-жүру қауіпсіздігін сақтамау және де буллинг бойынша құқыққа қайшы іс-әрекеттердің салдарлары түсіндірілді. Осындай шаралар мектеп, колледждерде тоқсан сайын өтіп тұрады, - дейді аудандық прокуратураның прокуроры Нұрмұхамет Жаңбырбаев.

Сонымен қатар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Есдаулетов пен «Парасат» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, теолог Қанат Жәкенов есірткі мәселесі мен жастардың дінге қызығушылығы туралы айтып өтті. Қол күресінен спорт шебері, Азия чемпионатының және Азия кубогінің жеңімпазы Көркем Едігеева да жастарды спортпен айналысуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Айдана АБДРАХМАНОВА

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале