13.11.2024, 17:48
Оқылды: 89

"Жас ұландықтарға" батасын берді

М. Қаналиев атындағы Алғабас орта мектеп - бөбекжай - балабақша кешенінде “Жас Ұлан”ұйымына қабылдау салтанаты сәл өзгеше өтеді. 
PHOTO-2024-11-13-10-05-16 (1)
Біздің мектепте оқушыларға мәртебелі көк галстукты елге сыйлы азаматтарға, ардагер ұстаздарға байлату, олардың батасын алу деген жақсы үрдіс бар.
Биылғы осы құрметті Орал қаласында тұратын ардагер ұстаз Жұпар Сәрсенғалиқызына ұсындық. Кеше мектеп директоры Сәлмен Ибрагимов бастап, оқуда озат, білім, спорт сайыстарында жүйрік шәкірттермен бірге ұстаздың үйіне бардық.
Жұпар Сәрсенғалиқызы Алғабас орта мектебіне 1982 жылы физика пәні мұғалімі болып келіп, зейнеткерлікке шыққанша еңбек етті. Жанұясының ошағын жаққан отанасы, күміс алқа иегері.
PHOTO-2024-11-13-10-05-16
Жолдасы Сағидолла Нұрғалиұлы да математика пәнінің мұғалімі болған кісі. Жұпар мұғалім 5-ші сынып оқушылары Айсезім мен Маликаны салтанатты түрде, “ЖасҰлан” қатарына қабылдап, батасын берді.
"Жақсы адам - жазып қойған хаттай" демекші, ауыл әңгімесі мен ұрпақ тәрбиесін араластыра әңгіме-дүкен құрып, жақсы сұхбат болды.
"Сабақтарыңды жақсы оқып, жолдарың ашық болсын!” - деген тілегін барлық оқушымызға деген ақ батасы деп білеміз.
Нұрболат Жұмағазиев,
М.Қаналиев атындағы МББК тәлімгері
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале