13.11.2024, 22:00
Оқылды: 10

Казталов ауданында «Мәдени майдан» деген атаумен рухани кеш өтті

Бүгін Казталов ауданы әкімдігі және аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кітап оқуға қызығушылықты арттыру және кеңес беру мақсатында келген «Зерек» орталығының директоры, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының БҚО бойынша өкілі Манарбек Жұмабай, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының директоры, корректоры Арайлым Олжаханның қатысуымен «Мәдени майдан» атты тағылымы терең рухани кеш өтті. Рухани кешке бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының мамандары қатысты.

image-13-11-24-04-29-3

Күнделікті жұмыс, күйбің тіршілік пен уақыт тапшылығы кесірінен кітап оқуға ерініп, сылтау іздеп, уақытымызды босқа өткізіп жатамыз. Ақын Абай Құнанбайұлы «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» демекші, адам баласы үшін кітап – тілсіз тәрбиеші екені анық. Дегенмен кітап оқу арқылы рухани азығымызды байытып қана қоймай білім көкжиегімізді кеңейтеміз. Бұл шараның негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту арқылы жастар арасындағы ажырасу мәселесін азайту, болашақ өмірге деген құлшысын арттырып, бақытты отбасын құруға деген мақсатын айқындауға өзіндік үлес қосу.

«Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорында балалар әдебиетінен бастап кітапқұмар оқырманның жүрегіне жол тапқан сұранысқа ие көптеген жинақтар бар.

Кеш соңында Манарбек Жұмабай мен Арайлым Олжаханға сұрақтар қойып, пікір алмасты.

image-13-11-24-04-29

«Зерек» орталығының директоры, «Отбасы хрестоматиясы» қоғамдық қорының БҚО бойынша өкілі Манарбек Жұмабай:

- Бүгін Казталов ауданына «Мәдениет майданы» тақырыбымен алғашқы рет келіп отырмыз. Шараның негізгі мақсаты – «Отбасы хрестоматиясы» кітаптарын аудан халқына таныстыру. Құндылықты меңгермей адам неге шалдығады десек, қуыс кеуде дертіне шалдығады екен. Қуыс кеуденің емдеудің емі – балаға кішкентай кезінен бастап кітап оқып беру. Біздің қордан 70-ке жақын кітап шықты. Жақында «Қаныш және ғылыми майдан» деген кітап шықты. Өткен жылы «Өзбекәлі және мәдени майдан» деген кітап шыққан болатын. Біздер бүгін ауданға осы тақырыппен келген болатынбыз. Тыңдаушы ықыласты келсе, сөйлеуші шешен келеді демекші, кездесу өте жақсы өтті, - деді.

image-13-11-24-04-29-2

- Бүгін ауданымызда мемлекеттік қызметшілерге «Отбасы хрестоматиясының» БҚО филиалының ұйымдастыруымен кітап оқуға деген қызығушылықты арттыратын рухани кеш өтті. Кеш барысында «Мәдени майдан» кітабына тоқталып, талдау жасалынды. «Мәдени майдан» кітабы жұмыс барысында пайдалануға болатын құнды мәліметтер береді. Бүгінгі рухани кештен керемет әсер алып, кітап оқуға деген қызғушылығым одан әрі оянды, - деді аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Айдана Мұханбетова.

Гүлнұр Бөлешова,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале