13.11.2024, 21:07
Оқылды: 85

Жаңақалалық кішкентай көрермендерге қазақ халық ертегісінің қойылымы ұсынылды

Бүгін Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығының сахнасында «Алдар көсе мен шайтандар» қазақ халық ертегісінің премьерасы өтті.  Кішкентай көрермендерге алғаш рет ұсынылған қойылым  мәдениет үйінің  режиссеры  Қырымбек Тұрақбаевтың жетекшілігімен дайындалды.

image-13-11-24-06-48-2

Ертегі оқиғасында Алдар көсенің Құлан мен Түлен атты екі шайтанды ақылымен,  айласымен арбап, өзіне бағындырғаны баяндалды. Балаларға ертегі қойылымының ұнағаны соншалық, селт етпей, бір деммен тамашалады.

image-13-11-24-06-48-8

Шара соңында сөз алған мәдениет үйінің басшысы Мұхит Батырханұлы баланың ой-қиялын дамытатын, тәрбиелік мәні зор мұндай шаралар әлі де жалғасын табатынын жеткізіп, ертегі  кейіпкерлерін керемет сомдаған әртістерге гүл шоқтарын табыс етті.

image-13-11-24-06-48

Асылым Ерғали, 4-сынып оқушысы: Маған бүгінгі ертегі қойылымы ұнады. Әртістер өз рөлдерін тамаша алып шықты. Келесіде «Мақта қыз», «Алтын балық» ертегілері сахналанғанын қалаймын.

Айназым Мерханқызы, 4-сынып оқушысы: Бұрын мәдениет үйіне мультфильм көруге келетінмін. Бүгін “Алдар көсе мен шайтандар”  қойылымын тамашаладым. Маған ұнады. Олардың дауыстары, киімдері мен іс-қимылдарынан Алдар көсе мен шайтандарды шын өмірде көргендей болдым. Осындай ертегілер сахналанып тұрса, тағы да келер едім.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале