14.11.2024, 17:15
Оқылды: 29

Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді

Әзербайжанның астанасы Баку қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (СОР29) Qazaqstan павильонында «Климаттық диалог: 2026 жылғы өңірлік rлиматтық саммитке барар жолда» атты алғашқы іс-шара өтті.

e79ed32f0ae3b04a2b480000c071f97a_1280x720

Фото: gov.kz

Сессияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің төрағасы Б. Шерализ, Президент Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова, сондай – ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері Ф.Лапекорелла – ЭЫДҰ Бас директорының орынбасары, Т. Еріксон – Жасыл климаттық қордың Орталық Азия бойынша өңірлік директоры, И. Старрост – GIZ жобалық менеджері, Қ. Әбуов - Климаттың өзгеруі саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін Азия даму банкінің жобалық менеджері қатысты.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің хабарлауынша, Аймақтық Климаттық саммит климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен стратегиялар мен шешімдерді әзірлеуге арналған алаң болады. Қазақстан ашық және сындарлы диалог үшін жағдай жасауға, сондай-ақ озық тәжірибелер мен инновациялармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады.

Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында жариялады.

Министр климаттық өзгерістер ұжымдық және үйлестірілген тәсілді талап ететінін атап өтті.

«Климаттың өзгеруі шекараны білмейді. Біз барлығымыз осы жаһандық сынақпен күресу үшін күш біріктіруіміз керек», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ халықаралық серіктестерге алғыс білдіріп, олардың Климаттық бастамаларды табысты іске асырудағы және Саммит өткізудегі маңызды рөлін атап өтті. Өз кезегінде халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале