14.11.2024, 16:00
Оқылды: 100

19 қызмет алушының құқығы бұзылған

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаментінің негізгі функцияларды бірі қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

0f090728-9f9b-4a4f-85ed-decb31b7dc4e

Аталған функция қызмет алушыларды өздерінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасына шағымы негізінде немесе уәкілетті органның өзі тексеру және мониторинг жүргізу нәтижесінде жүзеге асырылады.

Ақпараттық технологиялардың көмегімен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге болады.

Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша ақпараттық жүйелер арқылы мерзімінің сақталуын, құжат топтамасының дұрыстығын, бас тарту негізділігін тексеріп көруге болады.

Аталған мүмкіндіктерді пайдалана отырып мелмекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бойынша уәкілетті орган қызмет алушының бұзылған құқықтарын шағымды беруін күтпей-ақ қалпына келтіре алады.

e789cb9a-ca8e-4c7c-83e0-f8b18b531219

Осылайша биыл департамен сыртқы мониторинг арқылы 19 қызмет алушының бұзылған құқықығын қалпына келтірді.

Мысалы, сыртқы байқау жүргізу барысында Е-лицензиялау ақпараттық жүйесінде жер учаскесіне құқықтар алу туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімі бұзылғаны анықталды. Байқау барысында қызмет алушыға жауап әлі берілмеген. Департамент бұзушылықтарды жою бағытында ұсынымдар беріп, кінәлі лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартып, жедел түрде қызмет алушыларға өз жауаптарын алуға деген құқықтарын қалпына келтірді.

Өз кезегінде қызмет алушылар құқығын қорғау мақсатында Е-өтініш порталы немесе EgovKzBot 2.0 Telegram-бот-арнасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бойынша уәкілетті органға шағымдана алады.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО-дағы департаменті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале