14.11.2024, 19:00
Оқылды: 104

Оралда қайырымдылық балы өтті

Кеше Орал қаласы NIS-тің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Ән-ғұмыр» қайырымдылық балы өтті. Қазақ вальсінің королі, танымал композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған шараға 500 адам қатысты.

fc186cb6-1cc2-49d9-bbc5-347dd2cd5434

Аталған қайырымдылық балы – түрлі өнердің тоғысқан шарасы ғана емес, рухани құндылықтар ұштасқан жоба. Бүкіл мектеп қауымдастығын: оқушыларды, педагогтерді, ата-аналар мен серіктес мекемелердің басын бір арнаға тоғыстырып қана қоймай, ізгі іске шақырады.

c27f7940-bc4d-4a0b-a558-2acb90d50027

Білім ордамыздың «Қазақ әндері» жобасы аясында ұйымдастырылатын қайырымдылық кешіне биыл қала мектептерінің директорлары, NIS тәжірибесін кәсіби даму жолында қолданып жүргентірек мектептердің ұжымы, «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, мектеп ұжымы, оқушылар мен ата-аналар, сондай-ақ мейман ретінде өңірге белгілі белді тұлғалар,педагогикалық еңбек ардагерлері және CIS сарапшылары да қатысты.

3122b13e-e081-45db-aaf3-0225a9833662

Биыл қайырымдылық балы Президент Қ.Ж.Тоқаевтың кезекті Жолдауында айтылғандай, еңбек адамдарының құрметіне арналды. Қайырымдылық балынан түскен қаражат мектебіміздің қарапайым қызметтегі ата-аналары мен жұмыскерлеріміздің отбасыларына әлеуметтік қолдау ретінде табысталады.

36f8d0ae-b236-449c-8b8a-d6fa51907a73

Шараға өңірдің танымал әншілері қатысып, атақты сазгердің әуендерін орындады. Әуезді ән ырғағымен қатысушылар бірқатар вальс билеп, кеш соңында ерекше көзге түскен жұптар «Кеш ханзадасы мен ханшайымы», «Кеш ханымы мен ханзадасы», «Жұлдызды жұп», «Вальс толқынында», «Сырлы сымбат» номинациялары бойынша марапатталды. Мектептің «Шабыт» үйірмесі ұсынған театрландырылған қойылым да кеш қонақтарына әсер сыйлады.

3

Шараға тағайындалған әділқазылар алқасының шешімімен, «Кеш ханы» және «Кеш ханымы» аталымына қатысушылардан қала мектеп директорларының ішінен Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Тлек Қуанышкереев пен №33 ЖОББМ директоры Умит Ергалиева, тірек мектеп ұжымдарынан Қ.Мырзалиев атындағы ЖОББМ, Сырым ауданының ұстаздары Нұрым Амангелді мен Жангүлім Сарсенова, БҚО «Іскер әйелдер» қоғамдық бірлестігінен  Марат Айтуған және Асем Сырымова, ата-аналар қауымынан Адилет Адильханов пен Мейрамгүл Рахметова, NIS мұғалімдерінен Аслан Исмагулов пен Шынар Габдрахманова, ал оқушылардан «Кеш ханзадасы» мен «Кеш ханшайымы» Жәнібек Зұлқарнай және Меруерт Бейімбет лайық деп танылды.

Мөлдір Латифова

Орал қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале