15.11.2024, 11:15
Оқылды: 95

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша кездесу өтті

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру, Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын күшейту, ақауларды азайту, асыра сілтеулерге жол бермеу және күшейтілген мониторинг – бұл мәселелер Қор филиалының директоры мен №6 қалалық емхана ұжымының кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында ақ желеңділер өз сұрақтарын қойып, МӘМС жүйесін жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді.

94d8d736-e29c-48eb-8e68-dbea81227a3d

Басқосудың басты тақырыптарының бірі медициналық ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен көрсетілген медициналық қызметтер үшін төлемдердің уақытылы қамтамасыз етілуі болды. Сондай-ақ, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын бақылау және науқастардан түскен шағымдарға уақытылы және дұрыс жауап беру бағытында Пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын күшейту қажеттілігі айтылды.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Сымбат Қыпшақбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале