15.11.2024, 12:15
Оқылды: 94

Ұландықтар ЖИТС орталығының маманымен кездесті

Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ЖИТС орталығының маманымен кездесті. Кездесу барысында әскерилерге салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын, сондай-ақ  ЖИТС-тің алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді.

Іс-шара барысында дәрігер маман ЖИТС инфекциясының таралу жолдары және оны жұқтырмау үшін қолданатын шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.

4ebfd752-2a0a-4236-afa5-edfb01a4f450

Кездесу соңында әскерилер тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап беріп, ЖИТС-ті алдын алу бойынша ақпараттық жадынама қағаздарын таратты.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығың

баспасөз қызметі      

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале