Ұлттық теңге күні мерекесіне орай Теректі ауданы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Дархан Әбдірашитов аудандағы қаржыгерлерді қабылдады. Туған топырақтың дамуына сүбелі үлес қосып жүрген аудандық қазынашылық басқармасы, аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің ұжымы құрметке бөленді.
–Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерді Ұлттық валюта күнімен және кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы қаржы жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын! Тура 31 жыл бұрын, теңге тәуелсіз елдің экономикалық негізі болды. Сіздерге қаржылық тұрақтылық, өсу, кәсіби жетістік тілеймін. Алдағы жұмыстарыңыз еліміздің экономикасын дамыту мен нығайтуға және қаржылық әлеуетін көтеруге бағыттала берсін!Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге абырой, биік белестерді бағындыруда күш-қуат тілеймін, - Дархан Ережепұлы өз сөзінде.
Мереке иелері алғыстарын білдіріп, жауапты салада аянбай қызмет етеміз деген ниетін білдірді.
Ақтілек Әлібекұлы,
Теректі ауданы