18.11.2024, 16:33
Оқылды: 82

Бибігүл Төлегенова 95 жасын «Астана Опера» сахнасында атап өтті

"Астана Опера" театры сахнасында атақты өнер қайраткерлері бас қосып, аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. 

7321133ff872ff79544de7bd3e6bffc0_1280x720

Фото: www.gov.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған концертке Шахимардан Әбілов, Айгүл Үлкенбаева, Альфия Каримова, сонымен қатар Зарина Алтынбаева, Толқын Забирова, Самал Бәйсейітова, Айзада Омарова және Нұрғалым Аманбай сынды көптеген танымал әртістер қатысты.

Кеш Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсынан «Тойбастар» жарқын көрінісімен басталды. Б.Төлегенова байқауының лауреаттары Расул Жармағамбетов пен Татьяна Вицинская, «Астана Опера» хоры, оркестрі мен балет труппасы дирижер, «Құрмет» орденінің кавалері Руслан Баймурзиннің жетекшілігімен бүкіл концертке мерекелік шырай қосты.

Сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Өнербаевтың мәнерлеп оқуындағы Фариза Оңғарсынованың «Бибігүл – ән» өлеңі кештің көркіне айналды. Мерейтой иесінің шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың орындауындағы Латиф Хамидидің «Бұлбұл» әйгілі әні барша халықтың сүйіспеншілігі ретінде қабылданды. Бұл ән Б.Төлегенова шығармашылығында әлдеқашан бейресми символға айналған еді.

«Ата толғауы» қазақ биін орындаған «Астана Балет» труппасы ерекше сый-сияпат жасады. Көрермендер «Forte Trio» аспаптық ансамблінің орындауындағы қазақ әндерінен попурриді де ықыласпен қабылдады.

Бибігүл Төлегенованың сіңірген еңбегі мен шеберлігіне деген құрметтің белгісі ретінде оған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан гүл шоқтары табыс етілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале