18.11.2024, 16:15
Оқылды: 19

Бюджетке өзгерістер енгізуді сұрады

Бүгін Жәнібек ауданының әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты кеңес төрағасы Ескендір Елемесов ашты. Басқосуға Zoom платформасы арқылы қоғамдық кеңес мүшелері мен ауылдық округтердің әкімдері, аудан әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов, Жәнібек ауылдық округінің әкімінің Ғибрат Айтқалиев, аудандық қаржы және  экономика бөлімінің басшысы Руслан Сариев қатысты.
image-18-11-24-02-50
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды, яғни аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №15-5, №15-6, №15-7, №15-8, №15-9, №15-10, №15-11, №15-12, №15-13 «2024-2026 жылдарға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау, Ұзынкөл, ауылдық округтерінің бюджеті туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша округ әкімдері мен бас мамандары баяндама жасады.
Мәселен, Ақоба ауылдық округі «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге» бағдарламасының келесі ерекшеліктеріне 1 млн 577 мың теңге қаражат бөлуді сұрады. Сол сияқты Жәнібек ауылдық округінің әкімі Ғибрат Талғатұлы «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» бағдарламасындағы 38,0 мың теңге қаражатты «Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қаланың, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бағдарламасына, «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасындағы 864,0 мың теңге қаражатты ауыл ішінде санитарлық тазалау (қоқыс шығару) жұмысын жүргізу үшін «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасына ауыстыру мен «Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру» бағдарламасындағы «Түлектер саябағы» аумағын техникалық сумен қамту жұмысынан үнемделген 6 млн 279 мың теңге қаражатты қайтарып алуды сұрады.
Басқа ауылдар да осындай бағытта өзгерістер қаралды, маңызды мәселелер қаралып, тұрақты комиссияға жолданды.
Гүлзара Мәди, 
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале