19.11.2024, 10:33
Оқылды: 34

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласына бағытталған инвестиция көлемі 5 есеге артты

"Биылғы жылдың тоғыз айында ауылшаруашылығы машиналарын жасау секторындағы кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,2 есе артып, шамамен 5,5 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрілігі «QazIndustry» АҚ Машина жасау саласын дамыту дирекциясының мәліметіне сәйкес хабарлады.

4c3ed512eafddf9b5931c953af45286e_1280x720

Инвестициялардың негізгі бөлігі Түркістан облысына (2,3 млрд теңге немесе жалпы республикалық деңгейдің 42%) және Қостанай облысына (1,9 млрд теңге, 35%) тиесілі болды.

Биыл Түркістан облысында «BNK Group Ltd» ЖШС-нің 1 450 млн теңге инвестиция көлемімен және 20 жаңа жұмыс орнын құра отырып жаңбырлату жабдықтарын өндіру (екінші кезең) жобасы іске асырылды. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 960 машинаны құрайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале