19.11.2024, 10:16
Оқылды: 33

2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан шектегендер қанша?

Бұл туралы ҚР туризм және спорт министрлігі хабарлады. 

3540a3d80fd58a3f827fc1a7038dcf3d_1280x720

Фото: www.gov.kz

2024 жылдың 15 қарашасына дейін өзін құмар ойындардан: eGov mobile арқылы – 168 250 адам; жазбаша – 2 311 адам шектеген.

Министрлік ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі дейді: eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%); жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).

eGov 2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.

Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 жылы берілген өтініштердің саны 168 250 құрады.

Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.

44d815e2019609e8fb8faf790d13c8f6_1280x720

a5e41b97bb500ee7f1d6071860c43bc3_1280x720

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале