Пәтерді жөндеу, көңілді отырыстар, қатты музыка - үй тұрғындары шағымдана алатын айқын бұзушылықтар. Ал түнде кішкентай бала жыласа, көршілеріңіз сізге шағымдана ала ма? Толығырақ Massaget.kz материалында.
ҚР Әкімшілік кодексінің "Тыныштықты бұзу" 437-бабына сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін шулауға болмайды.
Фото: pixabay.com
Осыдан мынадай сұрақ туындайды: кішкентай сәбилер түнде оянып кетіп, жыласа, еңбектесе немесе жүгірсе, көршілер полиция шақырып, шағымдана ала ма? Бұл заңда кішкентай балаларға қатысты қандай да бір ерекшеліктер бар ма?
Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді.
"Бұл заңның кішкентай балаға қатысы жоқ. Кішкентай бала ауырып, жылауы мүмкін. Ол үшін, әрине, айыппұл сала алмайды. Бұл ересектерге қатысты. Ересектер шуласа, түнде жөндеу жұмыстарын жүргізсе, көршілер шағымдана алады. Кішкентай баланың жылауы - табиғи процесс, оған көршілер шағымдана алмайды", - деді заңгер.
Көршілер қандай жағдайда шағымдана алады?
Жұмыс күндері сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері сағат 23.00-ден таңғы 10.00-ге дейін мына нәрселерді жасасаңыз, көршілеріңіз полицияға шағымдана алады:
Тыныштықты сақтауға қатысты шектеу уақытқа ғана емес, дыбыс деңгейіне де қатысты. Заң бойынша рұқсат етілген шу шегі бар, олар:
Дыбыс деңгейін өлшеп-білу үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарласу қажет. Егер өлшеу арқылы талап бұзылғаны анықталса, шулаған көрші немесе мекемеге қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылады.
Тыныштықты бұзғаны үшін қанша айыппұл салынады?
Тыныштық бұзғаны үшін тұрғындарға айыппұл қарастырылған:
Заңбұзушылық бір жыл ішінде қайта бұзылса, айыппұл мөлшері артады:
Шулай беретін көршілермен қалай күресуге болады?
Алдымен көршіңізге наразылығыңызды ауызша жеткізіңіз. Мысалы, жөндеу жұмыстарын тоқтатуды сұраңыз. Егер одан кейін де шу тоқтамаса, сол жағдайды смартфонға түсіріп алыңыз да, 102-ге немесе жұмыс уақытында учаскелік полиция инспекторына хабарлаңыз. Полиция қызметкерлері келген соң құқықтық баға береді. Жедел әрекет ету үшін түнде патрульдік полиция қызметкерлері келіп, заңбұзушылықты жою бойынша шаралар қабылдайды. Полиция шақырған адам қызметкерге растайтын аудио және бейнематериалдарды ұсынуы керек.