19.11.2024, 22:25
Оқылды: 45

Бөкейліктер халықаралық акцияға үн қосты

Бөкей ордасы аудандық білім беру бөлімінің мұрындық болуымен «Біз гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шара «Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық акциясы аясында ұйымдастырылды.

IMG-20241119-WA0072

Бұл шараға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Нұргүл Омарова, аудандық мәслихат төрағасы Лариса Қайырғалиева, «Бөкей ордасы білім саласы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нейля Нарболова және білім саласы қызметкерлері қатысты.
Шараның шымылдығы тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына арналған бейнефильммен түріліп, әрмен қарай қатысушылардың өзара ой бөлісіп, пікіралмасуымен жалғасты.

IMG-20241119-WA0074
- Саналы да сауатты адам зорлықтың кез келген түріне қарсы тұруы тиіс. Әсіресе әйел мен балаға қатысты мәселеге немқұрайлы қарамауымыз керек. Өкінішке қарай тұрмыстық кикілжіңдердің соңы өлімге ұласып, қайғылы аяқталған оқиғалар жиілеп барады. Ересектердің арасында орын алған ұрыс-керіс баланың психологиясына жағымсыз әсер етеді,- деп сөз бастады сала басшысы Нұргүл Жігерқызы.
Өз кезегінде аудандық мәслихаттың төрағасы Лариса Қайырғалиева да ой түйіндеп, аталмыш шараның маңыздылығына тоқталды.
- Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар әр кез жүргізілуі тиіс. Әйелдер басына іс түскен жағдайда кімге барып, кіммен ақылдасып, кімге жүгіну керектігін біліп жүруі тиіс. Ол үшін олардың құқықтық сауаттылығын арттыру маңызды, - деді.
Дөңгелекке үстелге жиналған өзге де қатысушылар пікірлерін ортаға салып, түрлі сауалдар қойып, өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын да жолдады.

IMG-20241119-WA0070
Шара соңында қатысушылар екі топқа бөлініп, «Зорлық-зомбылыққа кімдер тап болады?» және «Одан сақтанудың жолы қандай?» деген сұрақтарға жауап беріп, ситуациялық жағдайлар бойынша пікір білдіріп, шешу жолдарын да ұсынды.

Арайлым Есмағұлова
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале