19.11.2024, 22:53
Оқылды: 63

Казталовта 4 адам мемлекеттік грант арқылы кәсібін бастады

Бүгін Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Радж Шәріповтің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Ермеков салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

FB_IMG_1732030784892

Есеп беру жиынында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде округ әкімінің есебі тыңдалды. Жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталған округ әкімі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы жөнінде халықты хабардар етті.

— Қошанкөл ауылдық округі бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында «Күміс жас» арқылы 3, «Жастар практикасы» арқылы 4, әлеуметтік жұмыс орнына 4, ақылы қоғамдық жұмыс арқылы 4 адам жұмыспен қамтылды. Бүгінгі күні округте 4 тұрғын мемлекеттік грант арқылы аяқ киім тігу, жылыжай салу, балмұздақ шығару, қоғамдық монша кәсібін бастап отыр, — деді округ әкімі Радж Болақайұлы.

Жиында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, кірістер басқармасы, «Мансап» орталығының басшылары сөз алып, салалық бағдарламалар жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар аудандық мәслихат депутаты Қуаныш Ермеков те халыққа есеп беріп, өз ұсыныстарын жеткізді.

FB_IMG_1732030787360

Округ әкімінің есеп беру кездесуінде аудан әкімі Асланбек Сарқұлов ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты тапсырмалар берді.

Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале