20.11.2024, 10:33
Оқылды: 44

ҚБТУ-да мұнай өндіруді арттыру бойынша алғашқы зерттеу орталығы ашылды

"Алматы қаласында А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтында Қазақстан-Қытай бірлескен мұнай өндіруді арттыру орталығы мен қытайлық Xinjiang Keli New Technology Company демеушілігімен жабдықталған зертхананың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны Қазақстан-Британ техникалық университетінің Энергетика және мұнай-газ индустрия мектебі ұйымдастырды", - деп хабарлайды ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі.

53e8d876bdde9b45b44ad59947525831_1280x720

Фото: www.gov.kz

  Алғашқы сөзді ҚБТУ ректоры Маратбек Габдуллин алды. Өз сөзінде ол бұл орталықтың мұнай-газ саласының дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

  «Ең алдымен, осындай мүмкіндік ұсынған Xinjiang Keli New Technology Company компаниясына шынайы алғысымды білдіремін. Бір жыл бойы біз ҚБТУ-дың зертханалық базасын кеңейту туралы жоспарларды талқылап келдік, ал бүгінгі жоба осы мақсатқа жетудегі маңызды қадам болды. Бүгінгі бастама ерекше мәнге ие, өйткені ол заманауи технологияларды қажет ететін күрделі кен орындарын игеру мәселелерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар бұл жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасының мақсаттарына сәйкес келіп, ынтымақтастықты нығайтуға және бірлескен дамуға жаңа мүмкіндіктер ашуға септігін тигізеді», - деді ректор.

  Орталықтың негізгі бағыты – мұнай өнімділігін арттыру мәселелерін шешуге арналған түрлі технологияларды әзірлеу және зерттеу, соның ішінде Қазақстанның мұнай кен орындарындағы күрделі қабаттық жағдайлар үшін химиялық реагенттерді қолдану. Ауыр мұнайды өндіру технологияларына, функционалды гельдік бөлшектерді жасауға, ұңғымалардың өнімділігін оңтайландыруға және CO₂ арналарының бітелуін болдырмауға ерекше назар аударылады.

 Xinjiang Keli New Technology Company компаниясының президенті Чжао Бо мырза бұл жоба ынтымақтастық аясында жаңа мүмкіндіктердің негізін қалайды деп атап өтті. «Бүгін Xinjiang Keli New Technology Company ҚБТУ-мен бірлесіп мұнай өнімділігін арттыруды зерттейтін орталық аясында зертхана ашты. Бұл – Қазақстанда ашылған біздің алғашқы зертханамыз. Болашақта жаңа зертханаларды ашып, ҚБТУ-мен басқа да жобалар бойынша ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз», - деді ол.

 Бұл зертхананың артықшылықтарының бірі – әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлау үшін заманауи жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану. Мысалы, CNGTX700 айналмалы тамшы интерфазалық тензиометрі – жоғары дәлдікті, кең қолдану мүмкіндігін және қарапайым пайдалануды біріктіретін алдыңғы қатарлы құрал. Ол түрлі химиялық суда еритін реагенттердің беттік керілуін, су мен мұнайдың интерфазалық керілуін, сондай-ақ беттік керілудің тұтқыр серпімді қасиеттерін өлшеуге арнайы жасалған. Сондай-ақ зерттеу орталығы жоғары температура мен жоғары қысым жағдайында суда еритін реагенттердің түрлерін пайдалану арқылы мұнайды ығыстыру физикалық моделін жасауға және мұнайды алу коэффициентін (МАК) анықтауға арналған эксперименталды құрылғымен жабдықталған. Бұдан бөлек, мұнаймен суда еритін реагенттерді араластыруға арналған жоғары температуралы миксер, олардың эмульсиялық қасиеттерін зерттеу үшін жоғары температуралы шкаф және керндердің өтімділігін өлшеу қондырғысы бар.

34

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале