Жақында білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы курстар, элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Жалпы конкурсқа 86 білім беру ұйымдарының педагогтері, балабақша тәрбиешілері және оқу-әдістемелік, қосымша білім беру орталықтарының әдіскерлері қатысқан.
Қатысушылар бағдарламаның түсіндірме жазбасының бағытына, өзектілігі мен жаңалығына, педагогикалық мақсат-міндеті мен өзіндік ерекшелігіне, күтілетін нәтижелеріне тоқталып, әдістерін талдап көрсетті.
Аталған облыстық жарысқа Бөрлі ауданының педагогтері де қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ, білім берудегі менеджмент (мектеп басшылары, басшылардың орынбасарлары) бойынша ІІ орынға Ақсай қаласының №7 ЖОББМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Аймұхамбетова ие болды. Ал физика- математикалық бағытындағы пәндер (математика, физика, информатика) бойынша Ақсай қаласының №5 ЖОББМ физика пәні мұғалімі Ляззат Ақашева ІІ орынмен марапатталды.
Айдана Абдрахманова,
Бөрлі ауданы,
zhaikpress.kz