21.11.2024, 11:00
Оқылды: 63

«Дәрі-дәрмектің шекті бағасын қосымша арқылы бақылаңыз» – маман

Қымбатшылық қысып, азық-түлік бағасы күн санап өсуде. Оған қоса қара күзде тұрғындар суық тигізіп, тұмау жұқтырып, аяқ асты дәрідәрмек те алып жатады. Дәрілердің бағасы бүгінде қалтаны едәуір қағады. Бөлшек саудаға жіберілген, яғни дәріханаларда сатылатын дәрілердің шекті бағасы бар ма? Оны қайдан қарауға болады? Дәрінің сапасы мен бағасына көңілі толмаған науқас қайда шағымдана алады? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Айнагүл Жүнісбековамен тілдескен едік. Сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Айнагүл Жүнісбекова

–  Айнагүл Аманбайқызы, сұхбатымызда сіз басқаратын мекеменің бүгінгі таңдағы мақсатміндеттеріне тоқталып өтсеңіз. Қандай бағыттағы қызметтер жүзеге асырылады?

– «Қазақстан Республика­сы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РМК – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі.  ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің талаптарына сәйкес, денсаулық сақтау субъектілерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілерге мемлекеттік бақылау жүргізеді. Яғни ҚР Денсаулық сақтау саласындағы заңды бұзудың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға бағытталған ісшараларды атқарады.  Сондайақ есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы салаларында мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізеді және мемлекеттік саясатты іске асырады.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңына сәйкес, денсаулық сақтау саласындағы медициналық және фармацевтикалық қызметті және есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет түрлерін лицензиялайды. Клиникалық практикаға жіберуге жергілікті және шетелдік маман сертификатын, денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатын және фармацевтикалық тәжірибеге жіберу үшін маман сертификатын береді.

Үшіншіден, ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»  заңына сәйкес, медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудадағы айналымының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдайды.

Төртіншіден, дәрілік заттардың сауда атаулары бойынша шекті бағаларының сақталуына мониторинг жүр­гізеді және бақылайды.

Бесіншіден, департамент­тің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, ұсыныстарын, жауаптарын, сұрау салуларын, хабарламаларын қарайды, жауап береді. Дәрі-дәрмекке, дәріханаға қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкім­шілік құқықбұзушылық туралы істерді қарайды. Сондайақ елімізде тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келіседі.  Жарамдылық мерзімі өткен, жалған, контрафактілік дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды ел аумағына әкелуге, өндіруге, дайындауға, сақтауға, қолдануға және өткізуге тыйым салады және (немесе) тоқтатады. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дәрілік заттарға қатысты жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін де тоқтатады.

– Тұрғындардан дәрі-дәрмектің бағасы мен сапасына қатысты арызшағым жиі түсе ме? Сатылым бағасына көңілі толмаса немесе белгілі бір препаратқа жағымсыз реакциялар анықталған жағдайда азаматтар қайда жүгіне алады?

– Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 тамыздағы №465 бұйры­ғымен бөлшек және көтерме саудада сатуға арналған 6890 дәрідәрмектің шек­ті бағалары бекітілді. Облыс бойынша біздің департамент ҚР Кәсіпкерлік кодексі шеңберінде дәрілік заттардың шекті бағаларының сақталуын бақылайды. Фармацевтикалық ұйымдар дәрілік заттарды бекітілген шекті бағаларға сәйкес сатуға міндетті. Егер дәрідәрмек бағасы шекті бағадан қымбаттаса, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес шаралар қолданады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426бабының 1 бөлі­гіне сәйкес белгіленген шекті бағалардан қымбаттатқаны үшін жеке тұлғаларға – 70 АЕК, лауазымды адамдарға – 100 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъек­тілеріне – 130 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК, ірі кәсіпкерлік нысанына – 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Биыл дәрілік заттардың шекті бағасының көтерілуі бойынша 1 шағым тіркелді. Бұзушылыққа жол берген субъектіге қатысты тексеру жүргізіліп, әкімшілік жаза қолданылды.

Дәрілік заттардың шекті бағадан жоғары сату деректеріне куә болса немесе сапасына көңілі толмаса, департаментке дәлелді құжаттармен (дәріні сату түбіртегімен) немесе DariKZ мобильді қосымшасы арқылы арыз қалдыру қажет. Сондайақ тұрғындар eOtinish азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы онлайн өтініш қалдыра алады. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 426бабына сәйкес дәрілік заттарды бекітілген шекті бағадан асыра сатқаны үшін жауапкершілік көзделген. Дәрідәрмектің бөлшек саудадағы шекті бағасы DariKZ мобильді қосымшасында бар. DariKZ қосымшасын App Store және Google Play қосымшаларынан тегін жүктеп алуға болады.

– Айнагүл  Аманбайқызы, Құрамы бірдей, аталуы әр түрлі (аналогтары) дәрілер көбейіп кетті. Дәрідәрмекті денсаулық сақтаудан бұрын бизнес көзіне айналдыратындар көбейген секілді. Дәріханаларға, ондағы дәрілерге мониторинг жүргізіле ме?

–  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көтерме және бөлшек саудадағы дәрілік заттар бағасына үнемі мониторинг жүргізеді. 2024 жылғы 1 тоқсандағы 302 дәрілік заттың бөлшек сауда бағасының мониторингі нәтижелері 2022 жылғы шекті бағамен салыстырғанда:

– 264 препаратқа баға орта есеппен 25%ға төмендеді;

– 35 препаратқа баға орта есеппен 13%ға өсті.

– 3 препаратқа баға өзгерген жоқ (Снуп®, Назол® Адванс, Ацетилцистеинтева).

Сонымен қатар барлық рецептсіз сатылатын дәрілік затқа (1768 ДЗ атауы) бағаның күрт көтерілу қаупін ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігі бірқатар шешім қабылдады. Айта кетсек, биылғы жылдың екінші жартыжылдығында рецептісіз сатылатын 900ге жуық дәрідәрмекті (бір халықаралық атауы шеңберінде екіден астам аналогы мен өндірушілері бар) сатылымға шығарды.

Қазақстан Республикасында өндірілген, сондайақ оның аумағына әкелінетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар міндетті түрде тіркелген жағдайда ғана айналымға түседі. Қазіргі таңда 6890нан астам дәрілік зат тіркеліп, саудалық атауларымен сатуға рұқсат берілді. Осыған орай дәрігер тағайындауымен немесе рецептісіз босатылатын дәрілер бойынша DariKZ мобильді қосымшасынан ақпарат алуға болады.

– Дәрілік  заттар  мен медициналық  бұйымдарға  электронды  сертификаттарды  енгізу басталды.  Сертификат енгізудің  тиімділігі неде?

– Дұрыс айтасыз, 2018 жылдан бастап фармацевтика саласын белсенді цифрландыру, оның ішінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға электронды сертификаттарды енгізу басталды. Бұл бақылаушы құрылымдарға дәрілік заттардың түпнұсқалығын тез тексеруге және жалған өнімдердің нарыққа енуіне жол бермеуге мүм­кіндік береді. Сондайақ қандай дәрі, әсіресе сирек кездесетін дәрілер қай дәріханада, ауруханада бар екенін білуге болады.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 қазандағы қаулысымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізілді. Яғни биылғы 1 шілдеден бастап барлық дәрілік зат міндетті таңбалануға жатады.

Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу 2020 жылдан бастап белсенді түрде жүргізілуде. Таңбалаудың мәні – дәрілік заттың әрбір қаптамасына бірегей кодты қолдану. Бұл код, жоғарыда айтып кеткендей, дәрілік заттарды өндірістен бастап дәрі­ханаға немесе медициналық мекемеге түскенге дейінгі қозғалысты бақылауға мүм­кіндік береді.

Жалпы, таңбалауды енгізу­дің негізгі мақсаты – өндіріс кезеңінен бастап соңғы тұтынушыға дейін дәрілік заттар қозғалысының барлық кезеңінде ашықтықты қамтамасыз ету. Сондайақ дәрідәрмекпен қамтамасыз етуді бақылауды және дәрілік препараттардың сапасын бақылауды арттыру. Таңбалаудың көмегімен өндірушілер нарықта қандай дәрідәрмектер жеткіліксіз екенін көре алады. Бұл дәрілік заттар тапшылығы қаупін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Цифрлық таңбалаудың арқасында өндірушілер, дәріхана ұйымдары, медициналық мекемелер және мемлекеттік құрылымдар дәрілік заттардың нақты қажеттілігін көре алады.

Жоғарыда айтып кеткендей, дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау – дәрілік заттардың өндіріс кезеңінен бастап тұтынушыға дейінгі циклді мониторингілеу, заңсыз айналымға, оның ішінде жалған өнімге қарсы ісқимыл мақсатында енгізілді.

–  Жасыратыны жоқ, сәл сырқаттанып қалсақ, дәрігерлерге жүгінеміз немесе дәріханаларда дәрідәрмек сатып тұрған фармацевттермен кеңесеміз. Біздің оқырмандарға кеңес берсеңіз. Дәрі сатып алу кезінде не нәрсеге назар аудару керек?

– Дәрі сатып алу кезінде оның жарамдылық мерзіміне және қаптаманың тұтастығына назар аудару керек. Сонымен қатар дәрінің нұсқаулығынан сізге қарсы көрсетілімдері жоқ екенін қараған жөн.

Дәрілік заттарды қолдану жөніндегі нұсқаулық міндет­ті түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде болуы шарт. Сондайақ қаптамада және нұсқаулықта дәрілік заттың тіркеу нөмірі жазылады. Олар бірбірінен ерекшеленбеуі керек. Нөмірді дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінен білуге болады. Сондайақ дәрінің дәрігер ұсынған дозасы бойынша алу керек. Дәріханада сіз сұраған дәрінің аналогтарын ұсынған жағдайда да дозасын тексеріп алыңыз.

–  Қазір күн суытып, қыс келе жатыр. Осы орайда «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деп қандай кеңес айтар едіңіз?

– Әр адам өз денсаулығын нығайту үшін салауатты өмір салтын сақтап, профилактикалық скринингтік тексерулерден өтіп, уақтылы вакцинация алу қажет. Елімізде 1 қазаннан бастап ересек тұрғындар үшін тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды.

Тұмау – жұқпалы ауру, штамға және ағзаның иммундық жауабына байланысты айтарлықтай жеңіл өтуі мүмкін, сондайақ ауыр асқынулар болуы да кәдік. Вакцина ауырмай жүрген адамға егіледі және вирустық немесе бактериялық ауруға шалдыққаннан кейін кемінде 2 аптадан соң жүргізіледі.

Сондайақ кез келген адам құнарлы тамақтанып, таза ауада жиі серуендегені жөн. Ұйқысы да қанық болуы керек. Жеке бас гигиенасын сақтап, көпшілік жүретін қоғамдық ортада тұмша тағып жүрген абзал.

Сұхбатыңызға рақмет!

Гүлсезім Ерболатқызы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале