Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті. Жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, жүргізіп отырды.
– 21-22 қараша күндері республика бойынша «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіліп жатыр. Аталған оқу-жаттығулары аудан аумағындағы барлық күш-құралдарының дайындығын көрсетеді. Алдымызда – қыс мезгілі. Баршамызға мәлім, біздің аудан аумағында қыс мезгілі өзге аудандарға қарағанда қытымыр өтеді. Қыс мезгіліндегі қатты жел-боран салдарынан автожолдар жабылып, жол қатынасы тұралап, адам жоғалу және қаза табу деректері де орын алған жағдайлар болды. Жыл сайын аудан аумағында әртүрлі салдардан төтенше жағдайлар орын алады. Осындай жайттарды болдырмау үшін біз, ең алдымен, аудан аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға назар аударып, бақылауға алуымыз қажет, - деді ол өз сөзінде.
Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Алтаев қыс мезгіліндегі қауіпсіздік жөнінде баян етті.
Басқосуға жиылған комиссия мүшелері тарапынан жоспардан тыс қандай да бір мәселелелер турасында ұсыныстар болмады. Серік Қыдырашұлының баяндамасынан соң Жақсылық Каримоллаұлы қараша айының 21-22 күндері аралығында өткізілуі жоспарланған «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының бірінші кезеңі бойынша басқару органдары басшыларының бағынысты құрылымдары мен күштерінің дайындығын тексерді.
Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы