22.11.2024, 9:30
Оқылды: 28

Оралда «Көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің қолданысы» атауымен дөңгелек үстел өтті

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің қолданысы» атты дөңгелек үстел өтті.

e9a87406-0f4f-4d9f-984e-b7e696246554

Шараның басты мақсатыөңірдегі жарнама мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілдегі сапасын арттыру, тіл нормаларының сақталуын талқылау және осы саладағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсыну болды.

Дөңгелек үстелде «Тілге құрмет» қоғамдық тіл инспекциясы жобасы аясында атқарылған жұмыстар және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, жоба жетекшісі, философия докторы (PhD) К.Б. Жұмашева баяндама жасады. Ол мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында жүргізілген шаралар мен осы бағытта анықталған өзекті мәселелер туралы ақпарат ұсынды.

eac5f417-3a08-48d5-93bc-74d7f73c6f4a

Баяндамада 400-ден астам кәсіпкерлік субъектілері мен көрнекі ақпараттарға мониторинг жүргізіліп, анықталған қателіктер бойынша әдістемелік көмек көрсетілгені айтылды.

Сонымен қатар стилистикалық және мағыналық қателерді түзету бойынша нақты ұсыныстар беріліп, көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тіл талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін механизмдерді енгізу қажеттілігі атап өтілді.

Сондай-ақ баяндамашы арнайы әдістемелік материалдар, оның ішінде «Қоғамдық тамақтандыру орындарына арналған сөздік және сөйлеу үлгілері», «Тілашар» сияқты құралдардың дайындалғанын атап өтті. Ұсыныстар қатарында кәсіпкерлік объектілерін тіркеу сатысында көрнекі ақпараттарды тексеру жүйесін енгізу және тұрақты мониторинг пен оқыту жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі айтылды.

d6c96aa4-adb8-4813-93a9-509980aabce5

Сонымен қатар М.Өтемісов атындағы БҚУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Ғ.Қ. Хасанов атаулардағы ұлттық кодты ұлықтаудың негіздері туралы өз ойымен бөлісті. Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Р.О. Зайнуллина жарнама мәтіндерін жергілікті атқарушы органдармен келісу тәртібін енгізу мәселесін көтерді. Сондай-ақ, көрнекі ақпараттарды дайындау және орналастыру саласында полиграфиялық қызмет көрсету мекемелерімен бірлескен жұмыстардың нәтижесі туралы облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты А.А. Абдулманов баяндама жасады.

Шара барысында заңнама талаптарының орындалу деңгейі, жарнама мәтіндерінің сапасы және ұлттық кодты насихаттауда көрнекі ақпараттың маңызы туралы пікір алмасылды.

Жиында жарнама мәтіндерін алдын ала бекітуді міндеттеу туралы ұсыныс ерекше талқыланып, бұл бастаманы қатысушылар қолдады. Ірі жарнама агенттіктерінің басшылары бұл ұсыныстарды бірауыздан қолдайтындарын мәлімдеп, оларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.

0e51b54e-1d89-4e46-81a6-40ed0727a8b3

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар қабылданды. Облыстағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардың мемлекеттік тілде сапалы әрі заң талаптарына сай рәсімделуін қадағалау міндеттері нақтыланды.

Шара аясында «Сауатты жарнаматіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Жеңімпаздар сапалы жарнама жасауға қосқан үлестері үшін алғысхаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале