Осыған дейін хабарлағанымыздай, Ақсай қаласындағы көпқабатты үйде өрт болды. Қазіргі уақытта белгілі болғаны зардап шеккен үш адамның жағдайы ауыр.
Жедел жәрдем көлігі өрттен зардап шеккен үш адамды Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізген. Олар қазір ауруханада ем алып жатыр.
– Өрттен зардап шеккендерді Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізді. Олар реанимацияда жатыр, жағдайлары ауыр, - деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, өрттен 1981 жылы туған әйел адам мен 2016, 2020 жылы туған екі бала зардап шеккен.
«Өрт сөндірушілер бір адамды құтқарып, 12 адамды эвакуациялады», - деп хабарлады БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Өрт басталған сәтте әйел адам екі баласын терезеден өзі лақтырғаны белгілі болды. Кейін өрт сөндірушілер келіп, әйел адамның өзін құтқарған.
Жанат Көшкінбай
zhaikpress.kz