22.11.2024, 16:30
Оқылды: 16

Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды

2024 жылдың 18 қарашасы мен 25 желтоқсаны аралығында еліміздің 1 мың білім беру ұйымында халықаралық PISA зерттеуі жүргізілуде. Оған 15 жасқа толған 30 мыңнан астам қазақстандық оқушы қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_2645

Сурет: Оқу-ағарту министрлігі

Зерттеу дәстүрлі PISA әдіснамасына негізделген және оқу сауаттылығы, математика, жаратылыстану ғылымдары секілді функционалдық сауаттылықтың негізгі дағдыларын бағалайды. Сонымен қатар бұл зерттеу арқлы білім беру ұйымдарына сыртқы бағалау жүргізіледі. Оның нәтижелері оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ететін негізгі факторларды анықтауға бағытталған.

«Мектептерге арналған PISA зерттеуі жыл сайын жүзеге асырылады және әр мектеп бойынша жеке есептер ұсына отырып, нәтижелерді талдауға мүмкіндік береді. Бұл мектептерге білім беру сапасын арттыру бағытындағы стратегиялар мен бағдарламаларды әзірлеуде маңызды құрал болады. Зерттеу оқу орындарының күшті және әлсіз жақтарын анықтап, қажетті шараларды қабылдауға көмектеседі, осылайша білім беру процесін жақсартуға ықпал етеді», — деп атап өтті Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

Айта кету керек, «Мектептерге арналған PISA» зерттеуін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы жүргізеді. Оған 2021-2023 жылдар аралығында  еліміздің 2200 білім беру ұйымдары қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале