Шыңғырлау ауданында «Қыс-2024» оқу-жаттығуы өтті.
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аудандық кіші жүйесін ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру және қыс мезгілінде туындайтын төтенше жағдайлар кезінде жүргізілетін шараларға жауапты органдардың, күштер мен құралдардың дайындығын тексеру мақсатында өткізілген республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуды аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев қадағалады.
Жауапты мекемелердің дайындық деңгейін бақылап, қажеттілігі бойынша тапсырмалар берді.
Әр орган өздеріне жүктелген міндеттер бойынша төтенше жағдайлардың алдын алуға, туындаған жағдайда тез ретке келтіруге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге дайын екендігін көрсетті.
Жалпы қыс мезгіліне адам күші де, техникалар да сақадай сай.
Гүлжазира Асу
Шыңғырлау ауданы