23.11.2024, 15:00
Оқылды: 15

Бәйтерек ауданында сұлукөлдіктер мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде

Бәйтерек ауданы әкімі Марат Тоқжановтың есеп беру жиыны Сұлукөл ауылдық округінде өтті. Округ әкімі Жасұлан Қойшыбаевтың баяндамасына сүйенсек, округте «Ауыл аманаты» жобасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

020fcc03-b9d4-45e7-ba36-647db44d507b

Биыл шекара маңындағы аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында салынған бес екі пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа қоныстанушылардың арасында мемлекет тарапынан айрықша қолдауды қажет ететін отбасылар бар. Олардың қатарында жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік жағынан осал топ өкілдері болды. Бұған дейін бұл отбасылар қолайсыз жағдайда пәтер жалдауға немесе жатақханаларда тұруға мәжбүр болған еді.Есептік жиын барысында олар мемлекеттік бағдарламалардың халыққа пайдасын айтып,жобаны жергілікті аймақта жүзеге асырып отырғанаудан әкіміне алғыстарын білдірді.

65eef7d5-22f6-4ff4-b672-9bbed7eaa58f

Ауыл тұрғыны, мұғалім Салтанат Есетова қазақ тілінде оқытатын жоғары сыныптарды ашуды сұрады. Оған аудан әкімі Марат Лұқпанов ҚР «Білім туралы» заң аясында реттелетінін айтып, мектеп оқушыларының саны 81 адам болуы керектігіне тоқталды. Юрий Романенко жол жиегін теректен тазартуды сұрады. Бірнеше округте көтерілген бұл сауалдың шешімін аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Армат Бисенов жер қатпай тұрып, ауыл азаматтары күш біріктіріп, шауып тастауды, қайта шықпас үшін химиялық ертіндімен өңдеуді ұсынды.

8bd7df6c-54ea-4cc9-ab0a-d8f58e12edba

Сондай-ақ ол жерлестеріне «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында түгел ауыл тұрғындары кооперативке біріккен Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылына жұмыс сапарымен барып, істерінің қалай жүріп жатқанын көріп, тәжірибе алмасу турасында ой тастады.

Гүлім Орда

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале