Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне орай кеше Орал қаласында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғимаратының мәдениет залында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің қатысуымен марапаттау шарасы өтті. Ол ауыл шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан бір топ шаруаға түрлі деңгейдегі марапаттарды табыстады.
Соның ішінде Жәнібек ауданы, Ақоба ауылындағы «Ельдар»шаруа қожалық жетекшісі Аманбай Оразбаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасына ие болды.
Сонымен қатар Күйгенкөл ауылдық округіндегі «Қоғалы» шаруа қожалығының механизаторы Мирбек Сүндетов «Алтын қолды механизатор» аталымымен марапатталды.
Сондай-ақ Жәнібек ауылының тумасы, қазіргі таңда Орал қаласындағы «АлемАгроХолдинг» ЖШС Батыс дирекциясының басшысы қызметінде жүрген Берік Жуминге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы табысталды.
Аудан әкімі Тимур Шиниязов марапаттау рәсіміне қатысып, жерлестерді қолдады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы