Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданындағы Тереңкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша бүгін сағат таңғы 07:00-де мемлекеттік Гимн үнімен сайлау учаскелері ашылды. Сайлау науқанын өткізуге құрылған Тереңкөл сайлау округі бойынша екі сайлау учаскесі бойынша 491 сайлаушы тіркелген.
Ауылдық округ орталығы - Нұрсай ауылындағы №228 сайлау учаскесі де өз уақытында ашылды. Учаскелік сайлау учаскесінің төрағасы Гүлжихан Бөпешева сайлау учаскесіне келген сайлаушыларға түсінік беріп, дауыс берудің басталғанын жария етті.
Сайлау барысын байқауға кандидаттардың сенім білдірген адамдары тіркелген.
Сайлау учаскесінің төрайымы ең бірінші болып таңдау жасауға келген Тереңкөл ауылының тұрғыны. ауыл ақсақалы Амангелді Саматовқа алғыс білдіріп, естелік сыйлық табыс етті.
Нұр Рахман
Казталов ауданы